Клтегін жыры что это

Түркі жазба жәдігерліктері. «Күлтегін» және «Тоныкөк» жырлары

Орта Азия мен Қазақстан территориясында бірте-бірте патриархалды-феодалдық қатынастар қалыптасып, ежелгі феодалдық мемлекеттер құрыла бастады. Орталық Азиядағы көптеген тайпалық одақтардан бірігіп пайда болған ежелгі феодалдық мемлекеттердің бірі Түрік қағандығы (552-745) еді.

Ежелгі түркі дәуірінің қоғамдық, әдеби, мәдени өмірін жыр еткен ғажайып дастандар бар. Бұлар-« Күлтегін», « Білге қаған», «Тоныкөк» жырлары деп аталады. Бұдан 1250 жыл бұрын үлкен құлпытастарға қашап жазылған осы әдеби ескерткіштер идеялық мазмұны жағынан да, көркемдік шеберлері тұрғысынан да күні бүгінге дейін оқушысын таңдандырып, тамсандырып келеді. Руна жазуындағы жәдігерліктер жанры туралы соңғы кезге дейін әртүрлі пікірлер айтылып жүр. Бұларды біресе прозалық шығарма десе, екінші жолы поэзиялық туынды деп келеді.

« Күлтегін» және «Тоныкөк» жырлары

Күлтегін (684-731 жылдары өмір сүрген )- ежелгі түркі мемлекетінің көрнекті әскери қолбасшы, сол дәуірдің белгілі қоғамдық қайраткері ретінде көне тарихтан жақсы мәлім. Ол Құтлұғ (Елтеріс) қағанның кенже ұлы. Қапаған қаған 716 жылы қаза тапқаннан кейін бүкіл түркі әскерін басқарады. Қапаған соғыста өлген соң, Күлтегін оның ұрпақтарын да қырып салып, өз ағасы Моголяны (кейінірек Білге қаған аталған) күллі түрік елінің қағаны етіп тағайындалды. Күлтегін талай-талай соғыстарды жеңіске жетіп, өзін қабілетті қолбасшы ретінде танытылады.

Қырқыз,құрықан, отуз татар.

Қытай, татабу қоп йағы ерміс.

Қырық артуқ иіті йолы сүлеміс

Қырғыз, құрықан, отыз татар,

Қытай татабы-бәрі жау еді.

Әкем қаған осынша (жауға)

Қырық жеті рет аттанды.

Мұндай жырлар да қазақ жырауларында да кездеседі. Мысалы Доспамбет жырау ( 16 ғ):

Тоғай, тоғай, тоғай су,

Тоғай қондым, өкінбен,

Толғамалы ала балта қолға алып,

Топ бастадым өкінбен.

Тобыршыға биік жай салып,

Дұшпан аттым өкінбен.

«Тоныкөк» жыры көлемді. Ол 313 өлең жолынан тұрады. Мұның өзі құлпытаста 62 руналық жазу жолына сыйып тұр. Жырдың жалпы оқиға желісін зерттеушілер 14 циклға,14 хикаяға бөлген. Күлтегін жырындағы сияқты мұнда да әрбір цикл үш элементтен: оқиғаның басталуы, оқиға желісінің өрістеуі және қорытынды бөлімнен тұрады.

Қорыта келгенде, түркі елінің V-VIII ғасырлардағы қоғамдық-әлеуметтік өмірін, түрлі түркі тайпаларының әдет-ғұрпын, наным сенімін, өзіндік поэзиясын, танып білуде Орхон ескерткіштерінің маңызы өте зор.

Өзін өзі тексеру сұрақтары:

1.«Түрік» термині атауы тұңғыш рет қай жылы аталды?

2.« Түрік» этнонимі алғашқы кезде нені білдірді?

3.Күлтегін қай жылдары өмір сүрген ?

Әдебиеттер:

Источник

К?лтегін жыры

Саба?ты? ма?саты:

К?тілетін н?тижелер:

Ресурстар

С?ра?тар жазыл?ан к?ртешкелер,о?улы?, д?йектемелер, «А?ыз адам»журналы

Просмотр содержимого документа
«К?лтегін жыры»

Сабақтың тақырыбы: Түркі тектес халықтарға ортақ мұра. «Күлтегін» жыры

Оқушыларға батырлар жыры, көне түркі жазба ескерткіштерін оқыту арқылы өз мәдениетіміз бен дүниетанымымыздың тамыры тереңде екенін түсіндіру, Күлтегін жырларының табылу тарихынан, оның қазіргі қазақ тіліне аударылып баяндалу тарихынан мағлұматтар беру; Көне түркі жазбалары қазақ жазба әдебиетінің бастауы екенін айқындау.Оның ерекшеліктерін табу. Білетін жырлармен ұқсастығы және тілдік ерекшелігін анықтау. Көне түркі жазбаларын зерттеген ғалымдарымыздың ойын жеткізу. Сонымен қатар бұл түркі жазбаларындағы өлең- жырлардың жастарға берер өнегесі мол екенін түсіндіру.

Өз бетінше оқулықтан мәлімет алады;

Нені қалай түсінгенін айта алады;

Топпен, жұппен жұмыс жасауға үйренеді;

Жаңа тақырып мазмұнын игереді

Сұрақтар жазылған кәртешкелер,оқулық, дәйектемелер, «Аңыз адам»журналы

Әдебиеттің тарихына қысқаша шолу.

Ежелгі дәуір әдебиеті 3 кезеңге бөлінеді:

1. VI-IX ғ Көне түркі әдеби ескерткіштері

2. X-XII ғ Ислам дәуірі немесе қараханидтер дәуірі әдебиеті

3. XIII-XV ғ әдебиет

1. Неліктен ежелгі дәуір әдебиетін түркі халықтарына да, қазақ халқына да ортақ мұра дейміз?

2. Ежелгі дәуір әдебиетінің уақыт кеңістігін, белгілі мұраларын, белгілі авторларын қысқа мәлімет түрінде айтыңыздар.

3. Орхон- Енисей ескертекіштері туралы не білесіздер?

Шапалақ арқылы бағалау

ІІ.Қызығушылықты ояту 2 мин

Балалар, әлемнің Жеті кереметін білесіздер ме? Неге әлемнің кереметі деп айтамыз?

2. Шығыстың ең ірі, дәулетті қаласы Вавилонда Семирамиданың аспалы бағы бар

3.Форас деген кішкене аралда әлемді қайран қалдырған зәулім Александрия манары

4.Олимпия қаласында Зевс мүсіні биіктігі-14м

6.Родос аралында Родос алыбы атты мүсін ескерткіш биіктігі-36м бар.

Жаңа сабақ жоспары:

Әлемдегі кереметтердің бірі-Күлтегін жырлары жазылған Орхон Енисей ескерткіштері

Интерактивті тақтадан көне түркі алфавитінің, тас ескерткіштердің суреті көрсетіледі.
«Түркі халқының атақ-даңқы өшпесін. »(«Күлтегін»жырынан.) сөзіне оқушылардың назары аударылады.

1. Орхон Енисей ескерткіштері қай жерден табылған?

2. Орхон Енисей жазба ескерткіштерін оқудың ең алғаш «кілтін» тауып, сырын ашқан кім? Кімдер аударды?

3. Күлтегін ескерткішінің көшірмесін кімдер, қай жерде жасатып Қазақстанға әкелді? Бүгінгі күні ескерткіш қай қалада орналасқан?

4. «Рун» деген сөз қандай мағынаны білдіреді?

Негізгі түйіні- Руналық жазулар-қазақ жазу мәдениетінің ежелгі түрі.

1.Орхон жырларының негізгі ойы-ЕлдіңТәуелсіздігін,береке- бірлігін сақтауға шақыру

2. Күлтегін жырларының негізгі идеялық мазмұны

3. Күлтегін жырлары авторы

4. Күлтегін жырларындағы ел бірлігі, ерлікті жырлау, бақытты өмірді аңсау сарыны

кейінірек, X ғасырда ислам дінінің енуіне байланысты пайдаланған.Әлемге әйгілі Орхон

ескерткіштері тастарының бетіне осы руна жазуымен көптеген жырлар жазылған(VIII).Оларды

алғаш тапқандар: швед офицері Иоганн және орыс ғалымы Н.М.Ядринцев (XVIII-XIXғғ.).

Құлпытастарға қашалып жазылып, бізге жеткен осы бір ғажайып жазуларды ғылымда

құрамындағы рулардың өзара жауласуы, жорықтары мен соғыстары суреттеледі.Кейіннен Орхон

Енисей ескерткіштері атанған жырлардың негізгі ойы – елдің тәуелсіздігін, береке-бірлігі

1. Күлтегін-түркі халықтарының ерлік туралы үғымының жиынтық бейнесі

Қүлтегін- жырдағы оқиғаны ұйымдастырушы негізгі тұлға.Оны түркі халықтарының ерлік

туралы ұғымының жиынтық бейнесі деуге болады.Күлтегінде түркілерге тән ержүрек,

өршіл,қайсар, қайтпас мінез бар.Елдің «Сондай батырым болса» деген арманына сай нағыз батыр.

47жас жасаған әскербасы,Бумын,Қапаған, Істемі қағандардың ұрпағы, Білге қағанның туған інісі,

жырдағы ең өзекті тұлға, эпостық образ

Күлтегін-қазақтың батырлар жырына жақын үлгілердің бірі. Жырды салыстыру.

«Алпамыс» жырында
Қойға шапқан бөрідей,
Талқандап қуып береді. деген түрде кездессе

Күлтегін жырында
Әкем қағанның қосыны бөрідей,
Жаулары қойдай болыпты деп ұшырасады.

Қойға тиген қасқырдай,Сойып кетіп барады деп үш жырда да жау қойға, батыр бөріге теңелген

Күлтегін жырында
Бек ұлдары құл болды,
Пәк қыздары күң болды.
«Қобыланды» жыры. Айдарлысын құл қылды,
Тұлымдысын тұл қылды.

Не себептен ежелгі дәуір әдебиетін түркі халықтарына да, қазақ халқына да ортақ дейміз?

Орхон ескерткішін не себепті «ерлік жыры» дейміз?

Тақырып бойынша қорытынды айтыныздар

2.Оқушыларға мәнерлеп, үзінді оқыту.

У. Орхон жырларының тілі.

Көңіл бөл
Қазіргі қазақ тілі-көне түркі тілінің бір бұтағы. Сондықтан біздің тіліміздегі көптеген тілдік құбылыстардың, заңдылықтардың дені сол көне тілден бастау алады.

Осы ескерткіштерді оқудың кілті табылғанда, ең алдымен оқылған сөздер-тәңірі, түрік сөздері.

Оның дәлелі Біріккен сөздер емлесін өткенде кездеседі.

Мысалы: орхон-енесей ескерткіштері тіліндегі біріккен сөздер табиғаты жағынан қазіргі қазақ тіліне өте жақын.Ескерткіште бірнеше түбірден бірігіп, бір ғана ұғымды білдіретін біріккен сөздер бар. Тонуқуқ( Тоныкөк), Ілтеріс (Ілтеріс), Кунтуз(күндіз)Йоқару (жоғары)

Источник

Күлтегін жыры

Клтегін жыры что это. Смотреть фото Клтегін жыры что это. Смотреть картинку Клтегін жыры что это. Картинка про Клтегін жыры что это. Фото Клтегін жыры что это

Клтегін жыры что это. Смотреть фото Клтегін жыры что это. Смотреть картинку Клтегін жыры что это. Картинка про Клтегін жыры что это. Фото Клтегін жыры что это

Күлтегін Құтлық (Елтеріс) қағанның екінші ұлы, Білге қағанның (Могилян) туған інісі. Шешесі Елбілге қатұн. Жеті жасында әкесі Құтлық (680-692 жж. билік құрған) қайтыс болады. Қаған тағына оның інісі Қапаған (692-716 жж.) отырады. Күлтегін мен Білге, Қапағанның інісі Бөгүні (716ж.) тақтан тайдырып, қағандық билікті Білге қолына (716-734жж.) алады. Тарихи деректерге қарағанда, Күлтегіннің он жасында ер атанып, алғаш көзге түскен соғысы – 694 жылғы Жау жыу және Дин жыу аймақтарында болған соғыс. Қапаған осы соғыста 90 мың тұтқынды қолға түсірген. Міне, осыдан былай Күлтегіннің ерлік жолы басталады. Тарихи деректер сол кездегі ел тәуелсіздігін сақтап қалу жолында болған қырғын соғыстардың бірде-біреуінің Күлтегінсіз өтпегенін аңғартады. Батыр 47 жасқа жетіп, қаза тапқанда, төрткүл дүниеден түгел елшілер келіп, рухына тағзым етіпті. Басына ел тарихын жазып, алып ескерткіш орнатыпты. Сол ескерткіштің ғылыми көшірмесі бұл күнде тәуелсіз еліміздің астанасында, Еуразия Ұлттық университетінің бас ғимаратының төрінде тұр.

Алдымен Тұла бойынан Бу менен дым бүріккен

Алай-дүлей жел тұрды.

Дүниені басып жатқан

Қара балшықтай қою,

Жоғарыда Ішіне жұлдыздар жапсырған,

Алып қазандай төңкерілген,

Омырауына Күн таққан

Күркіреп, күркілдеп От шашып жатқан;

Алып денесінен Қып-қызыл болып Өрт қашып жатқан

Тау менен тастар пайда болды.

Жел алып келген Дым менен будан

Бұрқырап тасып жатқан Сулар пайда болды.

Найқалған нулар пайда болды.

Сонан кейін Адам шықты.

Ашыған қамырдай боп

Көтеріліп деміккен Қара жерді басып көрді,

Жүндей боп ұйысқан

Қолымен олай-бұлай аударып

Алтай тауым Бесік болып тербеткен,

Жарқылдаған от пен Сарқыраған судың ішінде Ержеткен –

Көк тәңірінің оғландары

Бүкіл түрік жұртының Арландары мен қабыландары,

Бумын қаған мен Істемі қаған таққа қонды.

Елімді ел етемін деп, Жерімді көгертемін деп

Оттай асау, Оқтай ұшқыр Атқа қонды.

Ормандар аңға толды.

Жерінің тегінен Май ағып тұрған,

Ағаштарының балағынан Бал ағып тұрған Ел болды.

Құнары асыл Жер болды.

Сол елдің Айналасы түгел – Бұзылған сеңдей

Жапырып кеткісі кеп тұрған;

Батырып кеткісі кеп тұрған

Құрсаудай бүріп Қысқан екен.

Сол кезде Көк түріктердің кеуделері Көріктей ісінген.

Жаяулыны – құмалақтай! – Найзасының ұшына іліп,

Аттылыны – қуалап жүгіріп! – Бөріктей түсірген.

Бастыны – Бастары жерге тигенше Идірген –

Табанын жалатып, Арттарын сүйдірген.

Тізеліні – Тізелерін дірілдетіп

Түйедей бақыртып Шөгерген.

Қалғандары Оқ тиген мақұлықтай қашып,

Тау менен тастардан асып

Алды-артына қарамай Жөнелген.

Халқына Ілгеріде жатқан

(Күн шығыстағы) Қадырқан қойнауын сыйлап,

Керіде жатқан (Күн батыстағы) Темір қақпаны жайлатқан.

Жеңіспенен желпіндіріп Отыз күн бойы ойнатқан,

Қырық күн бойы тойлатқан.

Екі қаған да Емендей берік,

Төбені сүйреп әкетердей Алып болған.

Сол екеуінің тұсында

Ел-жұрты Молшылыққа малтығып жүзіп,

Ырыс пен құтқа Кеңірдектерінен келіп Қарық болған!

Сарбаздары Қара жартастардан Қамал қалап жатқан.

Ал екі қаған Таулардың иығына шығып,

Бұлттарды бауырына басып

Соларға қарап жатқан.

Халқы Үйірін іздеген, Айғырлардай кісінеп,

Ботасын іздеген Аруаналардай боздап – Жыр толғаса! –

Көлдерді тасытып Тауларды қозғаған екен;

Өздеріне ақырып сөйлемеген,

Арына тиетіндей етіп Бақырып сөйлемеген,

Аярлық пен Опасыздықты көргенде – Орай да борай – Қабағына қар жауған! Әділ жарғылары Қара тастарды турап,

Қара қылды қақ жарған!

Сонан кейін олар Демдері бітіп Өмірден кеткен.

Рухтары Алтай таудың үстінде

Оқшырайып отырған Көк тәңіріне кеткен.

Олардың өлімін естіген Дүние теңселіп кеткен,

Ойпаң жер опырайып құлап,

Қақырайып тұратын жоталар

Ормандар шулап жылаған,

Көлдер тулап жылаған.

Күн шығыстағы Бөклі шөлдің ел-жұрты

Құм шашып еңіреген.

Ортадағы татарлар, Күл шашып еңіреген.

Алтай таудың айналасын

Күңіреніп, егілген Қабырғалары сөгілген

Іргедегі табғаштар Бастарын Тау менен тасқа ұрған.

Айы құлағандай шошып жылаған.

Түпіт, апар, пурум, қырғызың,

Учқурықан, қытаң, татабың

Шаштарын ормандай жайып,

Беттерін тырнақтарымен! – Тасты орған тау өзендеріндей! Осып жылаған.

Олардың орнына отырған Інілері мен балалары

Бастарында Торғайдың миындай ми жоқ

Ойлары біртұтам Шәлтік екен.

Есігінде жүрген Қара құлды да Қарпып тастай алмаған;

Төріне шығып тайраңдағанды Ең болмаса –

Ит құсап – балағынан! –

Тартып тастай алмаған.

Бұрқырап тасуды білмейтін –

Бұралқы ит сарып, Жетім лақ секіріп өтетін –

Өздері түгіл Көлеңкелеріне дейін сұйық,

Мұрындарынан су сорғалаған

Сүмелек, сұлба боп шыққан.

Көк тіреп жүретін Көк түрік елінің

Тот басқан қылыштай Айбаты өлген.

Жұртта қалған ошақтай Қайраты сөнген.

Отырған жерлерінде омалып,

Жатқан жерлерінен Бұтына жібергенше тұрмаған.

Дұшпанның тісінің Қайралған қышырын емес,

Жуылған ыдыстың Тықырын тыңдаған.

Естілерден іргесін Жырақ салған.

Зымиян сөздеріне Естері кетіп құлақ салған.

Елдің жайсаңдарын Жау көріп – Ұрысын қалған.

Шоқ түскен киіздей боп

Сонан кейін Өздерімен өздері Жағаласып кеткен,

Өздерімен өздері Шабалаңдап үрісіп,

Біріне бірі! Қақпан құрған.

Бірін-бірі Тақтан қуған.

Бесті бұқаның терісіндей Берік ел –

Қотыр шыбыштың терісіндей боп Іріп кеткен.

Қылыш пен найза түгілі

Кездік қайрап, Істік ұштай алмай

Далада қалған бұл елді

Көк тәңірі тас төбелерінен Ұрып кеткен.

Сол ел – ел бола алмай Құрып кеткен.

Табғаш жұртына Көк түріктердің

Күс табан, жалақ ерін Құл болған.

Күн десе көзі, Ай десе аузы бар

Ару қыздары Күлді-көмеш күң болған.

Солардың қойы мен Қабағын баққан.

Күлімен кіріп, Отымен шығып,

(Өзектерінде оттары барлар

Намыстан өлердей боп Қабарып жатқан.)

Мұрындық салған атандай

Солардың жетегінде жүрген.

Дүниеге жөндеп қарай алмай

Жота мен төбенің Етегінде жүрген.

От жақса – Шақпағына айналған,

Қол сүртсе – Қолжаулығына,

Сілтесе – шоқпарына айналған.

Табғаш жұртының Жерін кеңейткен.

Табғаш жұртының Елін көбейткен.

Күн шығыстағы Бөкей қағанға дейін Әскер жүргізген.

Күн батыстағы Темір қақпаға дейін Әскер кіргізген.

Өзінің билігінен айырылып,

Сұңқардай қанатынан қайырылып

Бір кездегі күндей күркіреген,

От бүркіп, шоқ шайнаса

Көк түріктердің ашу-ызасы

Қара бұлттарды қақ жарған,

Ішіне жай тасы түскен

Қара қазандай сақылдап қайнаған!

Өзегіндегі оты Өртке айналған.

Көмейіндегі сөзі Сертке айналған.

Күні кеше Балағымда жүрген бит

Басыма шықты деген,

Жуындымды ішкен ит

Өзге елдің жандары

Іргесінен жүре алмайтын

Өзге елдің малдары

Шалшығын іше алмайтын

Тас төбемде Айым толып туатын.

Сол түндерім қайда?

Қағанды халық едім ғой.

Қаһарлы халық едім ғой.

. Бірақ олар Бастары бірігіп

Бір тұрып кете алмаған.

Бұрқыраған борасындай соғып

Табғашты құмдай етіп

Сыпырып кете алмаған.

Бектері Белдесуге жарамаған,

Қиын тұстарда Жанын қиып

«Кел» десуге жарамаған.

Қайқы қылыштары – Ортасынан! – Сынып түскен.

Асау мойнына қайтадан

Қыл шыбырлы Құрық түскен.

Түрік халқы қан жылап:

Асыл қуатым Өліп барады деген,

Асыл ұрығым Семіп барады деген.

Алдымен Жоғарыдағы Көк Тәңірі Күндей күркіреп;

Сонан кейін Жердің Иесі қозғалып,

Түрік халқы жоғалмасын деген!

Құлдықта қамалмасын деген!

Басқа жұрт аса алмайтын

Әкем Ілтеріс қағанды –

Шешем Ілбілге қатынды –

Ақ бұлтқа орап Төбесіне көтерген.

Сол-сол-ақ екен Қаған әкем

Он жеті ерді ертіп ап,

Елдің намысы боп жанған

Будақ-будақ, өртін ап,

Қарсы келгенді Азу тісімен Қарпып тастаған.

Атының алмас тұяқтарымен

Тұтасқан қолға айналған.

Әрқайсысы Жартас өңгеріп кетердей

Көк Тәңірінің өзі Қуат бергеннен кейін,

Ұлы мақсат пен Мұрат бергеннен кейін –

Жауларын! – Қойлардай бөрліктірген Бөрілердей болған.

Әрқайсысы бір-бір жота боп Көрінердей болған.

Жеті жүзі Қатар құйылғанда Жауларын! –

Сендердей сапырған. Таулардан құлаған Селдердей жапырған.

Ілгері-кейін Әскер жүргізіп – Желдердей ескен.

Жауларын Табандарына салып таптап

Мал қып кеткен халықты,

Қаңғып кеткен халықты,

Күлді-көмеш Күң боп кеткен халықты,

Құлағы кесік Құл боп кеткен халықты

Билік құрған жауларын

Көнбегендерін Күлге аунатып,

Құм асатып жер еткен.

Тентіреп кеткен Төліс, тардаушты Ел еткен.

Оң жағында Табғаш жұрты

Табанға түспеймін деп Есірген.

Сол жағында Баз қаған Талауға түспеймін деп Көсілген.

Қырқыз, құрықан, отуз татар,

Қытаң менен татандар

Қалғыса – бас салғысы кеп,

Жорыққа шыққан Қаған әкем –

Ас-суын Атынан түсіп ішпеген.

Қылышы Қынына түспеген.

Жиырма рет Соғысқа кірген.

Бетпе-бет келіп Шөптердей қырқып,

Ағаштардай кесетін Шабысқа кірген.

Елді болғанды Елдігінен айырған,

Қағанды болғанды Қанатынан қайырған.

Байлыққа батқан, Бақытқа кенелген.

Бұлықсынғанын Бұтадай сындырып,

Тізелісін Түйедей шөгерген.

Қаттысын Балшықтай илеп

Бастысын Басы жерге тигенше Идірген –

Табанын жалатып, Табалдырылығын сүйдірген.

Ағам таққа отырып Қаған болды.

Елі мен жеріне Қара жартастардан соққандай Қамал болды.

Ерлерінің Намысын үрлеп

Мен өзім Тардуш халқын

Жатқызып-өргізетін Шад болдым.

Бейшараға қорған, Байғұсқа бақ болдым.

Жасыл өзенді Шантун жазығына дейін,

Батыстағы қақпаға дейін,

Көгмен асып Қырқыз жеріне дейін

Басын көтергенін Басын жерге тигіздік.

Ініне қайта кіргіздік.

Он үш жыл қағыстық,

Он үш жыл соғыстық.

Көкірек керіп келгенді

Түргіш қаған Туысымыз болатын.

Іргеде жатқан Ұлысымыз болатын.

Ернеуінен шығып Асып кеткен екен.

Шөптей жұлдық, Қынадай қырдық.

Арғы қандасымыз Он-оқ халқын

Жақынның Мазағынан құтқардық.

Дұшпанның Азабынан құтқардық.

Барс бекке Қарындасымызды Ханшалыққа берсек,

Ол бізге жонын көрсетті.

Жонынан таспа тілдік!

Басынан жағын айырып,

Қыздарын күң еттік.

Құмалақтай Шашылып кеткен қырқызды

Біртіндеп жинап Жұрт еттік.

Қайтадан Түрік еттік.

Жесірінің Құрсағын қампайтып,

Жетімін Желкілдетіп өсірдік.

Қадырқан жерін Басып жатқан Жұртқа айналдық.

Сілекейі бал боп аққан Құтқа айналдық.

Кеңу тарманға дейін Ел қонды.

Суы сарқырап аққан,

Көлі жарқырап жатқан Жер болды.

Құлымның өзі Құл жұмсайтын болды.

Күңімнің өзі Күң жұмсайтын болды.

Әкелері Қаптаған балаларының

Біз сондай көп болдық.

Түрік, оғуз бектері! Құлақ түр!

Менің қазір жаным Қанжылап тұр.

Үстіңе көк Тәңірі Тау құлатпаса,

Қара жер қақ айырылмаса

Сені кім алатын еді?

Арыстандай ақырып тұрсаң,

Сенің қасына Кім баратын еді?

Енді маңдайыңды Тасқа ұр!

Ібіліс иектеп, Албасты басқыр!

Өзегіңді Өрт етіп, өкін!

Жарылған жартастай опырыл!

Дауылды күнгі Емендей құла!

Еліңді көзге ілмедің,

Қағаныңа Қарсы шығып бүліндің!

Жарақты жау сені Қаңбақтай қуып әкетті.

Жапырақтай жұлып әкетті.

Жеріңді тастап қаштың.

Зар илеп, Қақсап қаштың.

Айтшы, Барған жеріңнен

Сені қорғайтын Қара таптың ба?!

Сүйегің тау боп үйілді.

Алтын айдарлы ұлың Құл болды.

Күміс тұлымды қызың Күң болды.

Түрік халқының аты

Құмға сіңген судай

Асып тұрған айбыны

Шөптей жұлынбасын деп

Шешемді Ханша еткен

Тәңірі Мені де қаған етті.

Жеріме қорған, Еліме қамал етті.

Мен Атағы асқақтап жатқан Елге Қаған болғам жоқ;

Байлыққа батпақтап жатқан Елге Қаған болғам жоқ.

Мен Киерге тоны жоқ,

Жәутік елге қаған болдым.

Інім Күлтегін екеуіміз

Сақтап қаламыз деп

Қызыл қанымызды төктік,

Қара терімізді жүгірттік.

Белуардан кешіп жүріп

Елді – қайтадан! – Ел еттік,

Жерді – қайтадан! – Жер еттік.

Елімді Суға батырмадым,

Ойға босқан халқым

Қандастығын айта келді,

Қырға қашқан халқым

Бауырым деп қайта келді.

Халқымды Тойдырайын деп,

Теріскейдегі Оғыз тарапқа,

Түстіктегі Табғаш тарапқа

Он екі рет қол кіргіздім.

Бастарына Қап-қара бұлт үйіріп,

Еңселерін езген Сор кіргіздім.

Тәңірім жарылқап, Таусылған құтым Қайтадан құйылды.

Шашылған ырысым Қайтадан жиылды.

Азды көп қылдым, Кедейді бай еттім.

Көріксізін Күн, Ажарсызын Ай еттім.

Төрт тарап түгелімен Аяғыма келіп Бас ұрып жатты.

Елімнің даңқын көтеріп,

Айбынын асырып жатты.

Қазаным құтқа толды,

Ел-жұртым бұтқа толды!

Әкем қайтыс болғанда

Інім Күлтегін Жетіге енді толған еді.

Сол кездің өзінде-ақ,

Көркіне елі тойған еді.

Күлтегінді батыр етті.

Елі мен жұртына Жақын етті.

Он алтыға толғанда

Қаған ағамның Құрған елін зорайтты.

Алты Шуб Сағдат тарапты

Адамдарын Мал сияқты иіріп,

Табғаш, Оң тұтық Қаптап келді.

Өрісімді таптап келді.

Күлтегін жаяу әскерімен

Күл-талқан боп қирады.

Жиырма бір жасында

Келідей болып толысты.

Чача Сенуіңмен соғысты.

Ә дегенде Тадықтың

Чуры Бозына Қарғып мінді.

Ышбара Жамтар Боз атты

Қарсы келгендерін Түріп шапты.

Ол ат та мерт болды.

Үшінші рет Жегін Селік-Бектің Торы атын мінді.

Жауын найза боп жыртып, Қылыш болып тілді.

Ол ат та мерт болды.

Қарап тұрған жұрттың Кеудесіне дерт толды.

Ашу-ызадан өрт болды.

Жыландай ысқырып ұшқан Жүзден астам оқ тиді.

Бұталардай бұрап сындырып

Біздерге қас болды.

Қаны қатқан тас болды.

Түргі Жарғұн көліне Батырдық.

Көлінің өзін Қайнаған қазандай етіп

Ұлығ Іркің Қуғынға түскен

Әйтеуір сытылып шығып

Күлтегін отызға толды.

Бұрқыраған ағысқа толды.

Көгмен тауынан астық.

Суңа жышта жолығыстық.

Қарсы тұрған таулардан

Күлтегін Байырқының Ақ Айғырын мініп шықты.

Қылыштай боп Ортамызды тіліп шықты.

Көлден көтеріле берген

Найзасымен қағып түсірді.

Ақ Айғырдың қабырғалары Күтірлеп Сынып кеткендей болды.

Түйілгенінде Қара тастың Суын сорғалатып Сығып кеткендей болды.

Сол жылы Түргіс тарап жаққа Алтын жышты Пышақтай тіліп Кесе жорттық. Қап-қара боп аққан Ертіс өзенін Омыраулап кеше жорттық.

Тағы да Талай-талай Таулардан астық.

Түргіс халқын Ұйқыда бастық.

Түргіс Болчуда Оттай бұрқырап,

Құйындай құтырып келді.

Жолындағысын Қара жауындай жапырып,

Алдындағысын Қара дауылдай Сыпырып келді.

Күлтегін Башгу Боз атқа қонды.

Көкірегі Ісіп кеткен ашуға,

Кеудесі Ысып кеткен ызаға толды.

Жандарын алып, Жанымызды беріп соғыстық.

Аппақ қарға Қызыл қанымызды төгіп,

Барымызды салып алыстық.

Ырғап соққан найзамыз

Сауыттарын Киіздей тесті.

Мойындарын Мүйіздей кесті.

Қалғанын сол жерде

Лақтай бақыртып Бауыздадық. Бетімен кеткен елін

Шідер салып Ауыздадық.

Тағы да Жорыққа шықтық.

Алысқанды Алып ұрып жықтық.

Інжу өзенін кешіп, Темір қапыға Әскер жүргіздік.

Оларды Бұралқы иттей етіп Қыңсылатып, үргіздік.

Түргіс халқы жау болып Кенерес тарапқа тартты.

Біздің әскеріміз Шаршап-шалдыққан Арық-тұрық еді.

Аз қолды ертіп Күлтегін батыр Алға кетті.

Ақ қар, көк мұз Асудан Жанын жалдап өтті.

Алып Шалчы Ақ атын Мініп шығыпты.

Қарсы келген дұшпанын

Өрт тиген ормандағы

Аңдардай етіп Түріп шығыпты.

Одан әрі Күшу тутуқпен Соғысқан екен.

Найза сермесіп, Қылыш сілтесіп Қағысқан екен.

Батырларын Түгел жарып кетіпті.

Үйлерін тонап, Қалғанын жағып кетіпті.

Тамақ Ыдық Баста Тағы да соғыс болды.

Күлтегін отыз жаста еді.

Бойындағы күші Терісіне сыймайтын,

Күйекке түскен бұқадай Өрісіне сыймайтын Басқа еді.

Алып Шалчы Ақ атына мініп,

Есі шығып Ебіне тиісті.

Екі аяғымен Аттың өкпесін ұрып,

Екі батырын Қояндай етіп Қуып жүріп түйреді.

Елі күтірлеп сынған Қамыстай күйреді.

Күлтегін отыз бірге келді.

Бет қаратпайтын Оттай болды.

Қозы жауырынды Оқтай болды.

Азды батырды, Көпті жапырды.

Күлтегін Алып Шалчы Ақ атқа Тағы да мініп,

Езгіл халқын шапты.

Қарсы келгенін Қалпақтай қақты.

Қашқанын Қарақұсынан атты.

Сол жерде мерт болды.

Күлтегіннің кеудесіне Дерт толды.

Тоғуз Оғуз халқы Өзімнің бауырым еді.

Жеңсем Жарқырап тұратын маңдайым,

Жеңілсем Сыз өткізбейтін жануарым еді.

Түлен түртіп Ол да маған қас болды.

Тамағыма кептеліп қалған Тас болды.

Олармен Бес рет соғыстық.

Алдымен Тоғу Балықта кездестік.

Сойыл сермесіп, Найза кезестік.

Күлтегін Азбан атын арқыратып,

Тағы да ебіне тиді. Тағы да тебіне тиді.

Алты батырын шаншып,

Қылышымен Құланның етіндей етіп

Қалғандарын Шыбық құрлы көрмей. Мойындарын Бұрап тастады.

Екінші, Құшлағақта Едізге жолықтық.

Күлтегін Аз Жағызды мініп,

Бір батырын Түйреп түсірді.

Тоғыз батырын Аттың үстінен Сүйреп түсірді.

Үшінші, Оғузбенен қағыстық.

Күлтегіннің астында Азбан Ақ бар еді,

Әскерін Тас-талқан еттік.

Елін Тұзаққа түскен Қасқалдақ еттік.

Төртінші, Чуш басында соғыстық.

Еліріп келген жауларды

Нудай жапырып жібердік.

Судай сапырып жібердік.

Алыбын – Маңдайын қақ айырып – Ұрдық.

Қалғанын қойдай иіріп Қырдық.

Бесінші, Ергені Қадазда Оғузға кез болдық.

Күлтегіннің астында Аз Жағызы бар еді.

Аты жар, Өзі нар еді.

Олардың екі батырын

Атының тұяғымен Жаншып тастады.

Мағы Қурғанды қыстап,

Жаз шыға Оғузды тағы шаптық.

Қағатынын қақтық, Ататынын аттық.

Күлтегін ордада қалған.

Оғуз жау Орданы алмақ болды.

Табанға салмақ болды.

Күлтегін Өгсіз Атын мініп,

Жын ұрғандай қалшылдап,

Ханым-шешем, Апаларым, Келіндерім, Күнікей-қанекейлерім,

Тірі қалған барша жұрт, Құлақ салыңдар! –

Жаудың қолына түсіп

Тезек теріп, Жапа басатын Күң болатын едіңдер,

Құлағы кесік Құл болатын едіңдер,

Көнбесеңдер Күл болатын едіңдер.

Соны біліп алыңдар!

Күлтегін інім Қайтыс болды.

Қайғыдан – Өрт шалған қарағайдай – Қап-қара боп кеттім.

Көрер көзім Көрместей болды.

Білер білігім Білместей болды.

Сөзімнен зар төгілді.

Адам деген Өлмес үшін туар ма?!

Ащы-тұщыны Көрмек үшін туар ма?!

Қайғырдым! Күнімді құлаттым,

Көзімнен Жөңкіген селдей Жас құйылса,

Кеудеме Дауылды желдей Өксік толса

Тағы да қайғырдым. Қатты қайғырдым!

Екі шад пенен Ізбасар іні-жиенім,

Оғланым, бектерім, Қалың халқым,

Бүгінің мұнар, Ертеңін Түн бола ма деп Қайғырдым.

Көрер күнің Мұң бола ма деп Қайғырдым!

Еңіреп егілген Қытаң, татабын бастап

Қайғыдан Қабырғалары сөгілген

Табғаш қағаннан Ісиі Лекең келді.

Байлықтарының ауызын Ашып тастады –

Алтын, күмісті Шашып тастады.

Түпіт қағаннан Бөлек келді.

Күнбатыстағы жұрттарынан Нең Сеуң, Оғыл Тарқан жетті.

Олар да тартынбай Дарқан жетті.

Он оқ оғлым, Түргіс қағаннан Мақраш тамғашы Аңырап келді.

Қырқыз қағаннан Тардуш Ынанчу Чур Зарлап келді.

Қара тастарға Құмның бетіне Сызғандай етіп Өрнек салатын,

Бояулы жіп төккендей Әрлеп салатын

Табғаш Қаған жиені Чан Сеңуң келді.

Күлтегін батыр Он жетінші күні Қаза болды.

Жердің үстінде қайғы,

Аспанның астында Аза толды.

Қой жылының Тоғызыншы айында,

Жиырма жетінші күні Асын бердік.

Балбал тасы мен Бітіг тасын

Мешін жылының Жетінші айында,

Жиырма жетінші күні Бағыштадық.

Күлтегін жанын Көк Тәңірге табыстадық.

Күлтегін бұл дүниеден Қырық жеті жасында өтті.

Бітіг тас, Бәдіз тас жасауға Қаншама тойғұн, Елтеберлер жетті.

Еркін әдеби нұсқасын жасаған Темірхан МЕДЕТБЕК

Источник

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *